Бір орында тұрып қалма…

Бірде бір орманшы жүзі қайтқан балтамен ағаш шауып жүреді. Бір кезде жанынан ары-бері өтіп жатқан адамдардың бірі оның қиналып жатқанын байқап, оған былай дейді:
-Сіз әдетте осындай ағашты неше уақытта құлатасыз?
-3 сағат
-Егер 15 минут уақытыңызды бөліп балтаның жүзін қайрап алсаңыз, мына ағашты 45 минутта жайратып саласыз ғой.
-Менің балтаны қайрап отыруға уақытым жоқ,- деп жауап береді орманшы.

Әдетте жылдар бойы бір қалыпты, бірсыдырғы өмір сүру адамды ештеңеге талпынбайтын, алға ұмтылмайтын етіп, еңсесін басып тастайды. Нәтижесінде даму да, өсу де болмайды.

Адам бір сәт күйбең тіршіліктен бас алып, ой тоқтатып, дамудың келесі сатысына өтуге талпынса, өмірі біршама жеңілдер еді. Ал сәт сайын өзін жетілдіріп, білімін арттырса өмірі қиындап, кең әлем оған тар көріне бастайды.

Хадисте мұсылманның бір күні бір күніне ұқсамау керектігі айтылады. Бұл бізді бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму үстінде болуға шақырады.

© Данияр Жақсыбек