Пайдалы білім

«Тауық сойса да, қасапшы сойсын» демекші, әр істі әсіресе елдің ертеңгі тағдыры үшін айрықша маңызды мәселелермен өзінің маманы айналысқаны абзал. Бұл әркімнің қолына түсетін болса, әркім өзінің білгенінше әрекет етіп, оны солай ғана жасалатын өзгелерге дәлелдеумен әлек болады. Сол үшін халық болып, ел болып жарқын болашақ үшін аса қажет мамандықтарға жастарды бағыттап, сол істе маман болып шығуына жағдай жасау керек. Әйтпесе енді өсіп келе жатқан ұрпақ өздігінен ең қажетті мамандықты таңдауы қиынға соғады.

Осындай елге, жерге және халыққа ең қажетті дүниенің бірі – ғалымдық. Ғалым дегенде тек басына көп ақпаратты жиып алған емес, білімі өміріне әсер берген, өмір сапасын арттырған, қорытқан білімі бар ғалым.

Мұны Ислам ғалымдары «Шынайы ғалым қой сияқты болу керек. Қой қозысына қорытылған сүтін береді. Құс сияқты болмау керек. Құс балапанына сілекейі араласқан құсығын береді!» деп өте айқын мысалмен жеткізген.

Адам білімді жетік меңгерген болса, оны өзгелерге қалай жеткізу керектігін де жақсы біледі. Естіген барлық мәліметтерін ұлт, салт-дәстүр, қоғам, уақыт және мекен сияқты нәрселерді ескермей жеткізе беретін болса, білім өз биіыгінен түсіп, құр әңгіме мен өсекке айналады.

Білім адамды жетілдіріп, қоғамға пайдасы тиетін дәрежеге итермелеуі қажет. Мұндай дәрежеге неғұрлым тез жету үшін иманның өте маңызды орны бар. Иман – адамды өте жоғары мақсаттарға ұмтылдырса, білім – осы мақсатқа жету үшін оған таптырмас құрал. «Имансыз адамға білім беру – қылмыс», – деген қазақ ойшылдардың нақыл сөзі бар. Неге? Өйткені иманмен нәпсісін тізгіндей алмаған адам алған білімін Қой қозысына қорытылған сүтін береді. Құс сияқты болмау керек. Құс балапанына сілекейі араласқан құсығын береді!» деп өте айқын мысалмен жеткізген.

Адам білімді жетік меңгерген болса, оны өзгелерге қалай жеткізу керектігін де жақсы біледі. Естіген барлық мәліметтерін ұлт, салт-дәстүр, қоғам, уақыт және мекен сияқты нәрселерді ескермей жеткізе беретін болса, білім өз биіыгінен түсіп, құр әңгіме мен өсекке айналады.

Білім адамды жетілдіріп, қоғамға пайдасы тиетін дәрежеге итермелеуі қажет. Мұндай дәрежеге неғұрлым тез жету үшін иманның өте маңызды орны бар. Иман – адамды өте жоғары мақсаттарға ұмтылдырса, білім – осы мақсатқа жету үшін оған таптырмас құрал. «Имансыз адамға білім беру – қылмыс», – деген қазақ ойшылдардың нақыл сөзі бар. Неге? Өйткені иманмен нәпсісін тізгіндей алмаған адам алған білімін

© Ерболат Солтамұрат